2026 жылғы 18 наурыз күні 11 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында өзекті мәселелер қарастырылды. III тоқсан қорытындылары шығарылып, оқушылардың үлгерімі талданды.
Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін бақылау және сақтық шараларын сақтау қажеттілігі ескертілді.
Сонымен қатар, ҰБТ-ға дайындық мәселесі талқыланып, тиімді дайындық бойынша ұсыныстар берілді.
11-сынып оқушыларының мемлекеттік аттестациясы және пән таңдауы туралы ақпарат берілді.
Жиналыс соңында ағымдағы ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылды.
✅ Жиналыс нәтижелі әрі мазмұнды өтті.




